«Сулайман ата» балабақшасы » «Сулайман ата» балабақшасы»
«Сулайман ата» балабақшасы»
жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
БСН:140440034819
Қабылдау бөлімі:
+7(702) 786-08-71
"Әдіскер:
+7(775) 877-19-20
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Сулайман ата» балабақшасы
27
мамыр
2026

«Сулайман ата» балабақшасы

«Сулайман ата» балабақшасы ЖШС  2014 жыл балабақшаға арнап салынған.    
Балабақшаның техникалық жағдайы:
Ғимарат-2 қабатты
Ғимараттың жалпы көлемі – 3223,4 ш/м
Балабақша учаскесінің ауданы – 14500 ш/м
Құрылыс ауданы – 1911,8 ш/м 

Балабақша ауласы көгалдандырылған, серуенге арналған алаңдар мен ойын алаңдары, жазғы бассейн бар.

Ғимаратта әдістемелік бөлме, психолог бөлмесі, логопеда бөлмесі, саз-әуен залы, қысқы бассейн, медициналық арнайы бөлме, көкөніс қоймасы, азық-түлік бөлмесі, кір жуу бөлмесі бар. Балабақша сенбі, жексенбі күндерінен басқа 5 күн жұмыс істейді, жұмыс уақыты таңғы сағат 8.00 мин. кешкі сағат 18.30 мин. Оқу тілі – аралас.

Қуаттылығы – 450, тәрбиеленушілер саны - 373.

Мақсаты: Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасынегізінде балалардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, олардың жан-жақты үйлесімді дамуы үшін жайлы және қауіпсіз жағдайлар жасау.

Балабақшаға 1 жас пен 6 жас аралығындағы балалар келеді.

Балалар ED-24kz базасына кезекке турады, ваучер берілген соң белгілі ережеге сәйкес топтарға орналастырылады.

2025-2026 оқу жылында балабақшада 16 топ жұмыс істейді. 

Бүгінгі күнде балабақшада 29 педагог-тәрбиеші, 26 тех.қызметкер жұмыс жасайды.

Балабақша Шымкент қаласы мектепке дейінгі білім беру орындарында балаларды тәрбиелейтін, басқа балабақшалардың тәрбиешілерінің тәжірибе алмасатын білім беру мекемесі болып табылады. 

Балабақша бейнебақылау камераларымен жабдықталған, жалпы саны – 49.  Кіре берісте пандус орнатылған.  Дабыл түймесі орнатылған, тәулік бойы нысан күзетшілермен күзетіледі. Дарбазаға  домофон орнатылған. Тактильді жолақша бар.

Әр топ Мектепке дейiнгi ұйымдар қызметiнiң үлгілік қағидаларына сәйкес жабдықталған.


Психолог кабинетінің жабдығы: Монтессори элементтері, құм-терапиясы, құрғақ душ, доптар, балалар ас үйі.

Логопед кабинетінің жабдығы: магнит тақтасы, айна, қол ұсақ моторикасы материалдары, массажға арналған  доптар.

Ән-күй залының жабдықталуы: фортопиано, проектор, экран, музыкалық орталық.

Дене шынықтыру залы: доптар, үлкен доп, фишка, секртпе, шығыршық, бодментон, теннис, қап, кегли, арқан, ағаш баспалдақ, массаж кілемшесі, төсек пен  жабдықталған.

Балабақшада ата-аналарға арналған консультациялық пункт қызмет жасайды.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив